присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

БАҚ-тың ресми сауалына уақытында жауап бермеген мемлекеттік мекемелер жауапқа тартылады

06 маусым 2024 16:06
БАҚ-тың ресми сауалына уақытында жауап бермеген мемлекеттік мекемелер жауапқа тартылады

Енді елімізде бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сауалына уақытында (5 күнде) жауап бермеген мемлекеттік мекемелер жауапқа тартылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов айтты.

Оның айтуынша, егер журналист ресми сауалына мемлекеттік органннан 5 күн ішінде жауап ала алмаса, Мәдениет және ақпарат министрлігіне ескертуі керек.

Егер мұндай деректер болса, өкілетті орган туралы біздің министрлікке жазасыз. Біз тиісті тексеріс жүргізіп, сұраққа қасақана жауап бермей қойса, өкілетті органды тиісті тәртіптік жазаға тарту жағын қарастырамыз, – деді Қанат Ысқақов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары журналистердің ресми сауалына уақытында немесе мүлде жауап бермеген мемлекеттік органдардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын ескертті.

«Мұнда әкімшілік немесе қылмыстық жаза қарастырылмаған, тек тәртіптік жаза бар. Тәртіптік жаза, яғни сөгіс жарияланады», – деді ол.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру