присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Jusan тобының активтері Қазақстанға толығымен қайтарылды

13 маусым 2023 10:43
Jusan тобының активтері Қазақстанға толығымен қайтарылды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың бірлесе қабылдаған шараларының нәтижесінде Jusan тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды.

2021 жылы жоспарлы түрде Jusan тобы, соның ішінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірқатар активтер шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Нәтижесінде Қазақстан Үкіметі іс жүзінде компаниялар тобына бақылауынан айырылды.

Қазақстанға қайтарылған компаниялар тобы Үкімет пен басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауында Қазақстан заңнамасына сай жұмыс істейді.

Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру міндеттемесін алды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, банктің мемлекеттен ертеректе алған көмегі мерзімінен бұрын қайтарылады.

Мемлекет басшысының шетелге шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмасын орындау жалғасады, – деп хабарлайды министрлік.

Jusan Bank баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шешімнің бір шарты – қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру.

Біз қазақстандықтардың қаржылық және қаржылық емес қызметтер бойынша артып келе жатқан сұраныстарын қамтамасыз ете алатын заманауи цифрлық банкингті құру бойынша қабылданған стратегияны ұстанамыз. Өткен жылдың табысты нәтижелері және банктің ағымдағы қаржылық жағдайы өзіне алған барлық міндеттемелерді орындауға, соның ішінде мемлекет көмегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтаруға мүмкіндік береді, – дейді банктің баспасөз қызметі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру