присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемде ақша жымқырған

28 мамыр 2024 15:12
Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемде ақша жымқырған

Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде гуманитарлық колледж директорының қызметкерлерге тиесілі сыйақы төлемдерін жымқыру фактісін анықтады.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйрықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

Бейнеу аудандық сотының 2024 жылғы 16 мамырдағы үкімімен колледж директорына ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру