присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Прокурорлар мемлекетке 8 млрд теңгенің салығын қайтарды

07 маусым 2023 09:57
Прокурорлар мемлекетке 8 млрд теңгенің салығын қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы талдау барысында «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС тарапынан салықты төмендету фактісін анықтады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталған салық төлеушінің жыл сайын KAZ Minerals Aktogay Finance Limited холдингтік компаниясына дивидендтер төлегені белгілі болды. Салық заңнамасының талаптарына сәйкес, құн өсімінен түскен табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти төлем көзінен 15% мөлшерлемесі бойынша салық салуға жатады. Алайда салық есептілігін зерттеу ЖШС жыл сайын 2018-2022 жылдар аралығында талап етілетін 15%-дың орнына 10% мөлшерлемесі бойынша салық ұстап, резидент емеске қатысты сыйақы төлегенін көрсетті.

Прокуратураның талабы бойынша салық органы ЖШС қызметінде корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің дұрыс-бұрыстығына тексеру жүргізді. Аталған фактілер расталып, 8,2 млрд теңге көлемінде қосымша салық есептелді.

Салық төлеуші көрсетілген соманы мемлекет кірісіне толық көлемде төледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру