Шаруалар субсидия алу үшін арнайы порталда өтінім бере алады
Биыл 1 ақпаннан бастап шаруалар субсидия алу үшін арнайы порталда өтінім бере алады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомство мәліметінше, «Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидияға өтінім рәсімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімді gosagro.kz порталында беруге болады. Жүйе толық автоматтандырылған.
2022 жылғы 31 желтоқсанда бұрынғы Qoldau.kz порталынан инвестициялық субсидиялау бойынша толық деректер алынды. Бүгінде ақпараттық базаны жаңа жүйеге енгізу жұмысы жүріп жатыр.
СБМАЖ арқасында фермерлерге субсидия алуды растау үшін қосымша анықтамаларды ұсыну қажеттілігінен арылады. Өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, оның ішінде жер учаскелері, ауыл шаруашылығы жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілді.
Инвестициялық субсидия бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды.
Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмірді беріп, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Бюджет «күту парағында» өтінімдердің кезегі бойынша ғана бөлінеді. Оған фермердің тарапынан қосымша іс-әрекеттер қажет емес. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияны төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді, – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта субсидиялау жөніндегі қызметтерді өтінім берілген сәттен бастап, субсидия төленгенге дейінгі аралықта техникалық пысықтау аяқталды. Қолданыстағы субсидиялау қағидасына сәйкес, фермерлерден өтінім қабылдауды бастау мерзімі белгіленген.
Негізгі өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 1 ақпанда басталады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ