Шымкентте ер адам терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Шымкентте терроризмді насихаттаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Абай аудандық сотында ер адамға телекоммуникациялар желілерін пайдаланыла отырып терроризмді насихаттаған деген айып тағылды. Сотта анықталғандай, сотталушы 2020 жылы қыркүйек айынан бастап әлеуметтік желілер арқылы өзінің радикалды діни көзқарастарын тарату және насихаттау мақсатында Instagram аккаунты арқылы «Ahlu Sunna» тобын құрып, терроризмді насихаттауды қамтитын материалдарды таратқан.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындыларымен және куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ айыпты толық мойындауымен расталды.
Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын ниетпен өкінгенін, ал қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Осы жағдайлардың барлығын, сондай-ақ сотталушылардың жасаған қылмыстық қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, сот 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сотталушы жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ