Түркияда жағдай өте қиын – ТЖМ бірінші вице-министрі
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда жойқын зілзала болған жерде жедел іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Құлшымбаев ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында жер сілкінісі болған жерлерде жағдай өте қиын екенін айтты.
Қазір Ататүрік көшесінде үйінділерді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар тобы екіге бөлінген. Негізгі топ осыдан 100 метр жерде бір нысанда жұмыс істеп жатыр. Екінші топтағы 10 адам осында түрік құтқарушыларына үйінділерді тексеруге көмектесуде. Бұл жерде үй толық қираған. Оның астында біреу қалса, жедел құтқару керек, – деді бірінші вице-министр.
Жер сілкінісі болған жерлерде құтқарушыларға еріктілер мен жергілікті тұрғындар ыстық тамақ беріп, шама келгенше көмектесіп жатыр.
Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ