присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды

11 қаңтар 2023 09:57
Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды

Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды. Бұл туралы Конституциялық соттың ресми сайтында қаулы жарияланды.

«2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады», - делінген қаулыда.

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер Мәжіліс қарауына шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру