Елімізде есірткіге тәуелді балалар да бар
Денсаулық сақтау министрлігі есірткі қолданатын қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады.
Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анжела Бексұлтанова ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстанда «психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылысы» диагнозымен 108 722 адамның динамикалық бақылауда тұрғанын айтты. Оның 18 329-ы есірткі және психотроптық заттарға тәуелді.
Нашақорлардың 91%-ы (16 817) – ерлер, 9%-ы (1 512) – әйелдер. 2 734 (15 пайыз) адам – 18-29 жас аралығында, ал 66-сы – балалар мен жасөспірімдер. Алайда ресми статистика елдегі нашақорлардың нақты санын көрсетпейді. Өйткені көптеген нашақор өз жағдайын жасырады, – деді Анжела Бексұлтанова.
2023 жылы 24 сағаттық стационарда 3 534 жуық нашақор емделген.
20 жыл ішінде нашақорларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді бағдарламасы іске асырылып келеді. Оған детоксикация, психотерапевтік және психокоррекциялық емдеу, әлеуметтік оңалту кіреді, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Биыл медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерін Абай, Ұлытау, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында орналастыру жоспарланып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ