присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Енді «көңіл көтеретін газды» сатқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

29 наурыз 2024 12:59
Енді «көңіл көтеретін газды» сатқандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Бұл туралы бүгін ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты.

Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев «көңіл көтеретін газды» сататын орындарға жауапкершілік күшейетінін жеткізді.

Қазір Парламенттің қарауында күшті заттардың заңсыз айналымына жауапкершілікті күшейтуді көздейтін заң жобасы жатыр. Бұл «көңіл көтеретін газға» қатысты. Қазір бұл өнім түнгі клубтарда еркін сатылып жатыр. Енді оны есірткі қатарына тез қосып, ден қою шараларын қабылдау керек, - деді ол.

Оның сөзін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов толықтырды.

«Көңіл көтеретін газ» адам азғасына ауыр зиян келтіретін заттар қатарына жатады. Қазақстанда оған қылмыстық та, әкімшілік те жаза көзделмеген. «Көңіл көтеретін газды» медицина тілінде «закись азота» дейді. Бүгінде ол адам азғасына ауыр зиян келтіретін заттар қатарына енгізілді. Енді (оны сатқандарға) қылмыстық жауапкершілік қарастырылғалы отыр. Ол үшін заңды қабылдау керек», - деді басшының орынбасары.

Сондай-ақ ол заң жобасы бүгінде Парламент қарауында жатқанын, құжат жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін атап өтті.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру