присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әскерге шақырылған жастардың 15%-ы мүлдем жарамсыз – Қорғаныс министрлігі

18 сәуір 2023 15:51
Әскерге шақырылған жастардың 15%-ы мүлдем жарамсыз – Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда әскерге шақырылған жастардың 15%-ы мүлдем жарамсыз болып шықты. Бұл туралы ҚМ Қарулы күштері Бас әскери медициналық басқармасы басшысының орынбасары Берік Ілиясов айтты.

2022 жылы медкомиссиядан өткендердің саны 130 мыңнан асты. Оның 80%-ы әскерге жарамды болды. Алайда қалған 20%-ы, оның ішінде 15%-ға жуығының әскерге мүлдем жарамсыз екені анықталды. Ал қалған 5%-ы – әскерге тек уақытша жарамсыз деп танылды, - деді медицина қызметінің полковнигі Сенат кулуарында.

Берік Ілиясовтің айутынша, жастар медицина комиссиясынан өтіп, әскерге жарамды болғанның өзінде кейін тағы іріктеледі.

Олар психологиялық тексеруден өтуі керек. Сондай-ақ оқу деңдейі деген сияқты басқаша талапқа сай болмай, өтпей қалып жатады. 130 мың адамның 80%-ын алсақ, ол – шамамен 100 мың адам. Біз қарулы күштерге және басқа да әскери құрылымдарға шамамен 30 мың адам шақырымыз. Бұл (әскерге сұранысты, – автор) толық жабуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бас әскери прокуратура суицид көбінесе әскерде болады деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын хабарлаған болатын.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру