Елімізде жеке сот орындаушыларына қосымша өкілеттік берілмек
Елімізде жеке сот орындаушыларына қосымша өкілеттік берілмек. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин айтты.
«Бүгінде алимент төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оған хаттама толтыру қажет. Жеке сот орындаушысында мұндай құқық жоқ. Бұл үшін ол борышкерді әділет органдарына алып келіп, ол жерде әділет органдарының лаузымды тұлғасы тиісті әкімшілік хаттама толтырады. Бұл ретте борышкер барғысы келмесе, онда оны полиция ғана мәжбүрлеп апара алады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, осы жайтқа байланысты борышкер адамды жауапкершілікке тарту ұзақ уақытты алып жатады.
«Егер заңнамада жеке сот орындаушысына әкімшілік хаттама толтыру құқығы берілетін болса, онда бұл заң бұзушылар санын еселеп қысқартып, оларды тез жазалауға септігін тигізер еді. Сол арқылы борышты өтеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта атқарушылық өндіріс туралы жаңа заң тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Онда сот орындаушыларына дәл осындай өкілеттік енгіземіз. Өйткені, бұл – проблеманы шешудің тиімді құралдарының бірі. Толықтай алғанда, облыс әкімдіктерімен меморандум жасалып,бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты өткізіледі. Оларға жұмысы жоқ борышкерлердің келуін қамтамасыз етуге тырысамыз. Өткен жылы алимент бойынша берешегі бар 2,5 мың борышкерді жұмысқа орналастырдық. Тіпті әлеуметтік жұмыстар өткізуге де тырысамыз», - деді Қанат Мусин.
Авторизация
Регистрация
Комментариев пока нет