присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әскери сот Арыстағы жарылыстарға қатысты үкімді қайта қарады

30 ноября 2021 11:59
Әскери сот Арыстағы жарылыстарға қатысты үкімді қайта қарады
Қазақстанның қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Арыстағы жарылыстарға қатысты Шымкент гарнизоны Әскери сотының үкімін қайта қарады. 
 
Бұған дейін осы іс бойынша 16 адам сотталған болатын. Он екі адам төрт жылдан он жылға дейін түрмеге қамалды. Төрт адам төрт жылдан жеті жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
 
Апелляциялық өндіріс кезінде үкім өзгерді:
 
1. Қылмыстық кодекстің 71-бабының онша ауыр емес қылмыстар бойынша 1-бөлігіне сәйкес (ҚК 453-бап екінші бөлігі) - 7 тұлға мерзімі ескіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды;
 
2. ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотталған төрт адамның ісі ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса ірі көлемде иемденiп алу немесе талан-таражға салу"- бұл үшін мүлік тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады) ҚК 450-бабы 2-бөлігіне ауыстырылды ("билікті теріс пайдалану салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соғу" - ол үшін мүлік тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейін сотталады).
0 Показать комментарии Скрыть комментарии