Астанада қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мәліметінше, ер адам қоғамдық орында видео түсіру барысында балағат сөздер айтып, кейін сол жазбаны Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялаған.
Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бейнежазбадағы адамның жеке тұлғасы анықталды. Ол 26 жастағы Балташ Шыңғысхан болып шықты.
Сот шешімімен азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желілерге тұрақты түрде бақылау жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және интернет кеңістігінде әдеп нормаларын ұстануға шақырды.
USD