присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде 1 млн адам кедей өмір сүреді

22 сентября 2023 15:40
Елімізде 1 млн адам кедей өмір сүреді

Қазақстанда 1 млн адам кедей өмір сүреді, деп хабарлады Ranking.kz.

Елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 177,8 мың үй шаруашылығы бар. Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша, олар – барлық үй шаруашылығының 5,1%-ы. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 9,4%-ға артық. Мұндай үй шаруашылығында 1 млн адам өмір сүреді. Көрсеткіш бір жылда 4,7% артқан.

Қалаларда тұрмысы төмен 88,6 мың үй шаруашылығы немесе 455,7 мың адам, ауылдардағы көрсеткіш – 89,2 мың үй шаруашылығы немесе 560,8 мың адам.

Табысы азық-түлік себетінен артылмайтын үй шаруашылығына тоқталайық. Олардың саны – 9,4 мың. Көрсеткіш былтырғыдан бірден 2,6 есе көп. Бұл – елдегі барлық үй шаруашылығының 0,3%-ы. Онда 59,5 мың адам өмір сүреді. Көрсеткіш былтырғыдан 2,7 есе көп. Қалаларда 24,2 мың халқы бар 4,2 мың осындай үй шаруашылығы, ауылдарда 35,2 мың халқы бар 5,2 мың үй шаруашылығы тіркелген. Олардың табысы тамағынан артылмайды.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын үй шаруашылықтарының ең көп саны – Түркістан облысында: 27 мың үй шаруашылығы . Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3% аз. Онда 207,7 мың адам тұрды, көрсеткіш 4,8% азайған. 

Кейін тізімде Алматы (18,5 мың үй шаруашылығы, 40,5% көбейген) және Шымкент (13 мың үй шаруашылығы, 8,7% көбейген). Алматыда мұндай үй шаруашылығында 98,1 мың адам, Шымкентте 76,8 мың адам тұрады. 

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен үй шаруашылықтары ең аз өңір Ұлытау облысы – 1,6 мың адам. Былтырғымен салыстырғанда, 86,8% көп. Онда 9,9 мың адам тұрады.

Биыл екінші тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы жан басына шаққанда айына 47,9 мың теңге болды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 11,1% артық.

Сондай-ақ тұтынуға пайдаланылған кірістер 88,4 мың теңгеге жетіп, бір жылда 15,4% өсті. Тұтынуға пайдаланылған кірістердің ең төменгі күнкөріс деңгейіне қатынасы бір жыл бұрынғы көрсеткіші 177,8% болса, қазір 184% болды.

Қарапайым тілмен айтқанда, ең төменгі күнкөріс деңгейі өмір сүру үшін жеткіліксіз. 

Тұтынуға пайдаланылған кірістер мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің арасындағы ең үлкен алшақтық Алматыда байқалады: мұнда арақатынас – 240,2%. Кейін тізімде Қарағанды (238,2%) және Солтүстік Қазақстан (231,8%) облыстары тұр.

0 Показать комментарии Скрыть комментарии