присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елордада алдағы демалыс күндері триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

19 июля 2022 10:28
Елордада алдағы демалыс күндері триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

Елордада 23-24 шілде аралығында U23 және U19 санатындағы спортшылар арасында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Жарыс аясында Pro, Age Group және TEMIRADAM Challenge санатындағы спортшылар мен әуесқойлар арасында 1500 метрге жүзуден «TEMIRADAM» Кубогының V кезеңі өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Олардың арасында Үндістан, Қытай, Жапония, Бахрейн, Тайбэй, Гон-Конг, Таиланд, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Макао, Филиппин, Иран және Қазақстан елдерінің ең мықты триатлоншылары бар.

Чемпионатта еліміздің намысын 15 спортшы қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы алғашқы жарыстар (U23 және U17-19) 23 шілдеде 07:00-де басталады. Ал 24 шілде күні таңғы сағат 08:00-де әуесқой спортшылар арасында кіл мықтылар анықталады.

Жарыс әлемде триатлонды дамыту, Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық кәсіби атлеттердің, жаттықтырушылар мен төрешілердің шеберлігі мен біліктілік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, чемпионатты өткізу кезінде қаладағы көшелердің бір бөлігі жабылады.

«Сенбі, 23 шілде күні сағат 05.00-ден 16.00-ге дейін кәсіби спортшылардың жүгіру уақыты.

Жексенбі, 24 шілде сағат 07.00-ден 11.30-ға дейін әуесқой қатысушылар күш сынасады.

Маршрут мына көшелер арқылы өтеді: Бауыржан Момышұлы даңғылы (Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін) – Сарайшық көшесі (Бауыржан Момышұлы даңғылынан М - 1 көпіріне дейін) – Шарль де Голь көшесі – Шалқыма көшесі (Бауыржан Момышұлы даңғылынан М - 1 көпіріне дейін) – Бауыржан Момышұлы даңғылы.

Елорда тұрғындары мен қонақтары, қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.

0 Показать комментарии Скрыть комментарии