присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген шахтаның жұмысы тоқтатылды

13 наурыз 2024 11:41
25 кеншінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген шахтаның жұмысы тоқтатылды

Қарағанды және Павлодар облыстарында болған қайғылы оқиғалардан кейін облыс аумағында ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы Кеген ауданындағы «Тұйық» қорғасын кен орнының ұңғымада тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу деректерін анықтады.

Тексеру барысында шахта бекіністерінің деформациясы мен зақымдануы, шатыр мен борттар бойынша тау массасы бөліктерінің қатып қалуы, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу, бекіту материалы паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың болмауы анықталған.

Анықталған бұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін және нақты құлау қаупін тудырды.

Осыған байланысты, прокуратураның үйлестіруімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ӘҚБтК-нің 298-бабы бойынша («Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу») әкімшілік іс қозғап, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар МАЭС шешімімен ықтимал теріс салдарларды болдырмау мақсатында шахтаның қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру