Ақмола облысында мұғалімнен ірі көлемде мефедрон тәркіленді
Ақмола облысында полиция есірткі жасырушыдан ірі көлемде мефедрон тәркіледі.
Әйел 10 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Алайда бірнеше жыл бұрын жұмыстан шығып, есірткі тұтына бастаған. Есірткі жасырушыны полиция қызметкерлері Степногорскта ұстады. Ол қалада бірнеше күн болған. Күдіктіден тыйым салынған зат тәркіленді.
Сондай-ақ 37 жастағы әйел полицейлерге есірткіні қайда жасырғанын көрсетті. Жасырылған жерлерден 4 доза оралған орам табылды.
Сонымен қатар жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары аясында полицейлер жалға алынған пәтерді тексерді. Онда жедел уәкілдер тыйым салынған зат пен тағы 105 орамды, есірткіні өлшеп-орауға арналған құрылғыларды тапты.
Сараптама табылған заттың 62,5 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екенін көрсетті. Бұл ірі көлемге жатады.
Айтуынша, күдікті 2023 жылдың соңында Telegram-нан жұмыс тапқан. Жеңіл табыс туралы уәде әйелді қызықтырған және ол жұмыс істеуге келіскен. Куратордың нұсқауы бойынша Степногорск қаласына есірткіні жасыру үшін келген. Бірақ полицияға ұсталған.
Күдікті қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ