присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

04 желтоқсан 2024 16:38
Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

Бүгіннен бастап жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған заң күшіне енді.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.

Бұл өзгерістердің негізгі мәні – автоматты түрде тіркеу жүйелерімен анықталатын түзу сызықты учаскелерде орташа жылдамдықтан асып кеткені үшін жауапкершілікті енгізу. Орташа жылдамдық жүріп өткен жолды сол жолды жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы есептеледі. Айыппұл рұқсат етілген орташа жылдамдықтан асып кетуіне байланысты 5-тен 40 АЕК-ке дейін болады. Яғни, жолдардың әртүрлі учаскелерінде орташа жылдамдық әртүрлі болады, себебі формулаға сәйкес әр автокөлік автоматты түрде есептеледі. Бұл жаңалық талдауды ескере отырып енгізілді, себебі қала маңындағы трассалардағы әрбір үшінші адам жылдамдық режимінің асып кетуінің салдарынан көз жұмған, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Осы өзгерістерге байланысты ІІМ жол жүрісіне қатысушылардың барлыған қағидаларды сақтауға және басқа қатысушыларды құрметтеуге шақырады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру