присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

inDrive жүргізушілер мен жолаушыларға арналған қауіпсіздік атқарымдарын жаңартты

19 наурыз 2024 17:54
inDrive жүргізушілер мен жолаушыларға арналған қауіпсіздік атқарымдарын жаңартты

Алматы, 19 наурыз 2024 жыл – inDrive, жаһандық көлік және қалалық қызметтер платформасы, пайдаланушыларының қауіпсіздігін жақсартты. Жаңартылған Қауіпсіздік Орталығы енді сервистің қолдау қызметіне төтенше жағдайда пайдаланушының сенімді контактілерімен байланысуға мүмкіндік береді және шұғыл көмек қызметтерімен ақпарат алмасуды жеңілдетеді.

Жаңартудың мақсаты — пайдаланушының қорғанысын жақсарту. Егер бұрын төтенше жағдайда пайдаланушылар тек бір контактіні қоса алса, енді бес адамды белгілей алады және төтенше жағдайда байланысу үшін олар туралы ақпаратты кез келген кезде жаңарта алады. Қажет болған жағдайда, inDrive қолдау қызметі сол контактілерге жылдам хабарласа алады. Маңызды ескерулердің бірі – қолдау қызметінің сенімді контактілерді көруге ғана  мүмкіндігі бар, бірақ бұл тізімді өзгерту еш мүмкіндігі жоқ.

Сонымен қатар, қолданбаға SOS функциясы қосылды. Ол пайдаланушыларға көмек сұрау немесе сапарда болған оқиға (қозғалыс бағыты, көлік нөмірі, жүргізуші туралы ақпарат және т.б.) туралы ыңғайлы түрде сұратым жасау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынады. Бұл функция сонымен қатар полицияға немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу түймешігін қамтиды, бұл пайдаланушыларға қажет кезде жедел көмекке жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айнұр Аханова, inDrive бизнесін дамыту бойынша аға маманы, қолданбаны пайдаланудың барлық кезеңдерінде пайдаланушы қауіпсіздігі компанияның басымдылығы екенін атап өтті: «Біз өзіміздің пайдаланушыларымыз бен жүргізуші-серіктестеріміздің қауіпсіздігін қорғауға толығымен назар аударамыз – қолданбаға қосылған сәттен бастап, әр сапар кезінде және одан кейін. Мысалы, шолуларды өңдеу немесе пайдаланушы деректерін қауіпсіз сақтау кезінде».

Қолданбаның дизайны да пайдаланушы тәжірибесін жақсарту және Қауіпсіздік орталығын айқын ету үшін жаңартылды.

«Біздің компания қарқынды дамып келеді, сондықтан үздіксіз жетілдіру біз үшін маңызды. Бұл жаңартулар жолаушыға немесе жүргізушіге көмек қажет болғанда қолдау қызметіне тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қазіргі жаңартулар inDrive Қауіпсіздік келісімінің бөлігі болып табылады және пайдаланушыларға оңтайлы және қауіпсіз саяхат нұсқаларын ұсынатын жүргізушілерді тексеру, платформада тіркеу және рейтингтер мен шолулар негізінде жүргізушіні таңдау сияқты негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін біріктіреді», — дейді Айнұр Аханова.

Қолданбаның жаңа енгізілімдерінен басқа, inDrive қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін жұмыс істеп келеді, атап айтқанда серіктес-жүргізушілердің қауіпсіздік ережелері мен қалааралық бағыттардағы мінез-құлық туралы хабардар болуын. Компания жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолаушылармен қарым-қатынас ережелері және қалааралық тас жолдардағы қауіпсіздік ережелерінің ерекшеліктері тақырыбында серіктес-жүргізушілерге арналған Қазақстандағы ағарту іс-шараларының жоспарын әзірледі.

inDrive туралы

inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан мобильді және қалалық қызметтер жаһандық платформасы. inDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп 2022 және 2023 жылғы әлемдегі ең көп жүктелген сапарға тапсырыс беруге арналған қолданбаларының ішінде екінші орында. Сапарлардан басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалын, шеберді шақыруды, курьерлік және B2B жеткізуді қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады.

inDrive 46 астам елде 749 астам қалада бар. Компания білім беруді, спортты, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да өмір үшін маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісімшарттық төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды.

Қосымша ақпарат www.inDrive.com сайтында

 

 

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру