Кісі өлтіру күдігімен Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Түркиядан экстрадициялады.
2022 жылдың наурызында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп, құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.
Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, сотталды. Ал екіншісі тергеуден қашып үлгерген. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы тамызда ол Түркияда ұсталды. Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
Айта кетсек, осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ