присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Конвейер тартып әкеткен әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

04 желтоқсан 2024 14:05
Конвейер тартып әкеткен әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Тәртіп сақшылары еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

3 желтоқсанда «Байсерке Агро» ЖШС-де болған жағдайдың салдарынан кәсіпорынның 42 жастағы қызметкері алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады, – деп мәлімдеді полиция.

Аталған кәсіпорында әйелді жұмыс барысында конвейер шұңқырына тартып әкеткен еді. Ол оқиға орнында мерт болды. Қайғылы жағдай жүгері сақтайтын қоймада болған. Жұмысшының денесін әріптестері алып шыққан.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру