присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Көші-қон заңнамасын бұзған 15 мигрант ұсталды

06 маусым 2024 14:34
Көші-қон заңнамасын бұзған 15 мигрант ұсталды

Көлік полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетелдікті ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша,  соңғы үш күнде «Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер 112 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 90 шетелдік ұсталды. Олардың 87-сі ТМД елдерінен келген болса, үшеуі елімізге алыс шетелден келген.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты.

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 17 шетелдік елден шығарылды. Мәселен, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен астам уақыт ішінде кетуден жалтарған Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 15 азаматын анықтады.

Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 10 шетелдік ел аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп елден шығарылса, қалған азаматтарға 25 АЕК (92 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, осы жылдың 3-9 маусымы аралығында Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және заңсыз көші-қонның жолын алдын алу мақсатында «Заңсыз келуші – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру