присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Көшпенділер ойындары: бүркітшіге көлік сыйға тартылды

13 қыркүйек 2024 16:28
Көшпенділер ойындары: бүркітшіге көлік сыйға тартылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жеткен бүркітші Серікбек Күнтуған көлік сыйға тартылды.

Құсбегілік бойынша жарыс өз мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медальға ие болды.

«Бүркіт салу» санатында 1-орынды ұлттық құрама мүшесі Серікбек Күнтуған «Алғыр» құсымен иеленді.

Тартысты бәсекеде күміс жүлдеге «Заңғар» құсымен Ерзат Байқадамов ие болса, қола медальді Арман Қошқаров «Нарын» атты бүркітімен еншіледі.

«Қаршыға салу» санаты бойынша 1-орынды «Найзатұяқ» құсымен астаналық Құдайберген Рауилұлы алса, 2-орынға қырғыз спортшысы Әділбек Құдайбердиев «Қарамоншақ» құсымен ие болды, ал үшінші орынды ұлттық құрама мүшесі Бағдат Кеуенов «Сомбалақ» қаршығасымен қанағат тұтты.

Ителгі салу бойынша жарыста алтын және күміс жүлделерді Бақыт Шамуратулы және Түгелбай Абдыкадыров (Қырғызстан) алса, қола медаль ұлттық құрама мүшесі Бақдәулет Бабажанға бұйырды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Республикалық құсбегілік федерациясына президенті Берік Уәли құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар берді.

TAS Group компаниясы мен оның басшысы Дулат Тастекеевтің қолдауымен спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 3-орын алған Арман Қошқаров, Бағдат Кеуенов және Бақдәулет Бабажанға 300 мың теңгеден, 2-орын алған Ерзат Байқадамовқа 500 мың теңге берілді.

Қаршыға салуда 1-орынды иеленген Құдайберген Рауилұлына млн теңге табысталды.

Q4 Tulpar Auto компаниясының басшысы Талғат Сакановтың қолдауымен федерация бүркіт салуда жеңімпаз атанған Серікбек Күнтуғанға автокөлік кілтін сыйға тартты.

Сондай-ақ компания басшысы бүркіт салудан 2-орын алған Ерзат Байқадамовқа жа көлік сыйға берілді.

Бұдан бөлек, Көшпенділер ойындары дирекциясының атынан жеке спорт түрлерінде 1-орынға – 500 мың теңге, 2-орынға – 300 мың теңге, қола жүлдеге 200 мың теңге берілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру