MNU-ДЕ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨПЕСТЕР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Maqsut Narikbayev University-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Қазақстандағы көпестер және кәсіпкерлік дәстүрлер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты Қазақстандағы кәсіпкерлік дәстүрлердің қалыптасуын, саудагерлердің қызметі мен мәртебесін, сондай-ақ ел экономикасы, саясатындағы және мәдениетіндегі кәсіпкерлердің рөлін зерттеу. Қатысушылар кәсіпкерлердің әлеуметтік-мәдени өзін-өзі жүзеге асыру жолдары мен мағыналарын талқылады.
«Саудагерлік тақырып ғылыми тұрғыдан ғана емес, қазіргі заманғы күрделі мәселелер тұрғысынан да өзекті. Саудагерлер кәсіпкерлігі экономикалық өзгерістердің қозғаушы күші және тарихи ақпарат пен мәдени алмасудың бірегей көзі саналады. Біздің және серіктес университеттердің ғалымдары идеялармен алмасатынына қуаныштымын», - деді қатысушыларға Maqsut Narikbayev University Провосты Сергей Пен.
Конференцияның ашылуында тарих ғылымдарының кандидаты, Emeritus Professor Maqsut Narikbayev University Лепуда Мұқатаева көпестердің өркениет бастауына пайда болғанын, орта ғасырларда күшейгенін, ал қазіргі уақытта мемлекеттің қолдауымен қоғамдық өмірге айтарлықтай әсер ете бастағанын атап өтті.
«Біз кездесуімізде саудагерлер мен кәсіпкерлер қызметінің түрлі аспектілерін қарастырамыз. Ғылыми жобаның мақсаты – XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы көпестердің қызметін кешенді талдау. Бүгін біз зерттеушілерді тарту мақсатында Қазақстанда ғана емес, жалпы соңғы екі ғасырда саудагерлікті қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру үшін талқылау аясын кеңейтеміз», - деді конференцияға қатысушылар алдындағы кіріспе сөзінде.
Сонымен қатар конференция аясында қазіргі заманғы кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелер талқыланды, кәсіпкерлердің меценаттық пен қайырымдылық арқылы мәдени және әлеуметтік салаларға қосқан үлесі таныстырылды, ұлттық деңгейде кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін факторлар талданды. Сондай-ақ, тарихи кезеңдерге, атап айтқанда Ұлы Жібек жолына талдау жүргізілді, кеңестік модернизациядағы саудагерлер мен кәсіпкерлердің рөлі, олардың экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылыққа қосқан үлесі зерттелді.
Аталған конференция көптеген зерттеушілер мен мамандарды жинап, жемісті пікір алмасуға және ғылыми нәтижелерге мүмкіндік берді. Кездесу әртүрлі өңірлер мен елдерден қатысушыларды қамтыды.
Осындай қатысушылардың бірі Нихан Калканделер, Ускудар университетінің (Түркия) Assistant Professor-ы. Ол Абулфейз Сүлейманлимен бірге «Стамбул Гранд базары жергілікті және жаһандық әлемдер арасындағы көпір ретінде» тақырыбында жасаған зерттеу жұмысын таныстырды. Зерттеу барысында авторлар үлкен базарда жұмыс істейтін 97 қолөнершіге сауалнама жүргізіп, саудагерлердің дәстүрлері мен нарықтарының экономикалық дамуға ғана емес, сонымен қатар елдің мәдени мұрасын сақтауға және ілгерілетуге ықпал ететін платформалар ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Астана қаласы Мемлекеттік мұрағат бөлімінің меңгерушісі Г. Т. Исахан бұрын жарияланбаған Қосшығұловтар отбасының тарихы мен тағдыры туралы құжаттарды көрсетіп, таныстырды.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері тақырыбындағы баяндаманы т. ғ. к., Emeritus Professor Калишева Ж.Г оқыды.
Қазақстанның шығысында және өлкенің басқа аймақтарында көпестердің қалыптасуы туралы өз баяндамаларын ғалымдар Мұхтар Төлеген, Эльза Гибадуллина, Зуфар Махмутов, докторант Ұлжан Сайранбековалар таныстырды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамалары тезистерінің электрондық жинағы шығарылады. Барлық материалдар міндетті түрде рецензиядан өтеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ