Оңтүстік Корея мен Грузияда зардап шеккен қазақстандықтар жоқ – СІМ
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Корея мен Грузиядағы жағдай бақылауда екенін, онда зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоғын айтты.
Бізге Оңтүстік Кореяда да, Грузияда да зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ. Қандай да бір жағдай болса, сол елдің билігімен жұмыс істейміз. Қажет болса, тиісті көмек көрсету үшін біздің ведомстволарды жұмысқа тартамыз, - деді Әлібек Бақаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Айта кетейік, кеше Корея Республикасында президент Юн Сок Ел әскери жағдай енгізді. Алайда Парламент бұл шешімінің күшін жойды. Президент отставкаға кетпесе, депутаттар оған импичмент жариялауы мүмкін.
Сондай-ақ Грузия астанасы Тбилисиде оппозиция мен Еуропаға бағытты жақтайтындардың наразылығы жалғасып жатыр. Олар Парламент сайлауының ресми нәтижесіне қарсы. 6 күнге жалғасқан наразылықта 300-ге жуық адам әкімшілік баппен ұсталып, алты адамға қылмыстық іс қозғалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ