присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

14 наурыз 2024 16:27
Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

Павлодар облысы Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызмет көрсетілетін учаскесінде екі рет шұғыл тежеу жасалды.

Екеуінде де пойыздың машинисі жылқыларды қағып кетті. Әуелі 13 наурызда сағат 15:29-да Көктөбе станциясынан 130 шақырымда № 2505 жүк пойызының, № 0121 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, екі жылқыны қағып кетті. Пойыз 10 минут тұрды.

Одан кейін сағат 19:13 шамасында Май – Дегелең станциясы арасындағы 200 шақырымында № 1284 жүк пойызының, № 0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті. Бұл жолы пойыз 12 минут тұрды.

Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде мал иелерін анықтады. Олар Май ауданының Павлодар облысының тумалары, 50 және 49 жастағы азаматтар болып шықты, – делінген хабарламада. 

Осы оқиға бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру