Президент халықты Амал күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады.
Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды президент өзінің Х парақшасында.
Айта кетсек, биылдан бастап Наурыз мейрамы басқаша тойланатын болды. Мейрамның мән-мағынасы мен мазмұнын байыту үшін жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялау ұсынылып отыр. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар өткізіліп, жеңілдіктер жасалады.
Ал Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық өңірінде жалпыұлттық экологиялық акция өтеді. Наурыз мейрамына орай ел бойынша 10 мыңнан астам іс-шара болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ