присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы тасқын салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі

08 сәуір 2024 15:52
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы тасқын салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқыны салдарын жоюға 15 млрд теңге бөлетін болды.

Қордың мәліметінше, бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов портфельдік компаниялар басшыларының қатысуымен төтенше жағдайға ден қою жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізген. Отырыс барысында су тасқынының алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған шаралар талқыланды.

Отырыста Нұрлан Жақыпов қор су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жалпы 15 млрд теңге бөлетінін атап өтті. Қаржыны қордың корпоративтік орталығы, «Қазмұнайгаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «Қазақгаз», KEGOC, «Қазақтелеком», «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» бөлді.

Қаражат Samruk-Kazyna Trust бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы бағытталады.

Қазір қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтың тұтастығын қамтамасыз ету – портфельдік компаниялардың алдында тұрған басым міндеттердің бірі. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін күшті біріктіру маңызды. Сондықтан алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ зақым келген өндірістік объектілердің жұмысын штаттық режимге келтіру үшін іс-шараларды жалғастыру керек, - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру