Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасарына сот үкімі шықты
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты, деп хабарлады қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Сотта Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде пара беру») бойынша Мақсұт Исаховқа қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды.
Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бола тұра, Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен Шымкент қаласы ҰҚК департаментінде әкімшіліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған іс бойынша лауазымды тұлға – Шымкент қаласы бойынша ҰҚК Департаментінің бірінші орынбасары С-ға істі қысқарту үшін 200 мың доллар яғни аса ірі мөлшерде пара беруге оқталған.
Сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындысы, ЖТӘ нәтижелері және басқада іс құжаттарымен дәлелденді.
Сот жарыссөзінде мемлекеттік айытпаушы айыпты Қылмыстық кодекстің 367-бабы 4-бөлігінен Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 367-бабы 4-бөлігіне қайта саралап, аса ірі мөлшерде пара беруге оқталу деп өзгертіп, сотталушыға 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Қорғау тарапы Мақсұт Исаховты әрекетінде қылмыстың құрамы болмауына байланысты ақтауды сұрады.
Жаза тағайындау барысында сот Мақсұт Исаховты қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде асырауында балалар барын ескерді.
Сот Мақсұт Исаховты аса ірі мөлшерде пара беруге оқталуды деген айып бойынша кінәлі деп тауып, Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігі, 56-бабы 3-бөлігін қолданып, мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 8 жыл 5 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ шенеунікті «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.
Сот үкімі заңды күшіне енбеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ