Солтүстік Қазақстан облысында 87 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖМ
AMANAT партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында су тасқыны кезеңіне дайындық талқыланды. Бүгінде өңірдегі 87 елді мекенді су басуы мүмкін. Ол ауылдарда шамамен 5 мыңнан астам адам тұрады.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, су тасқыны қаупіне жедел ден қою үшін құрамында 472 адам және 134 техника бар құқық қорғау органдарының, ТЖД мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің қызметкерлері қатарынан топ құрылды.
Қазір департаментте халықты эвакуациялауға арналған 10 жоғары өтімді техника, 6 жол талғамайтын көлік, 7 жүзу құралы, 78 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм мен 21 дана шатыр дайын тұр. Сондай-ақ 242 эвакуациялық пункт дайындалды, – деді Дмитрий Растихин.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек, қар жамылғысындағы су қоры 147 мм-ге жеткен. Бұл – былтырғыдан көп мөлшер.
Жыл басынан бері елді мекендерден 1 миллион текше метрден астам қар шығарылған. Сондай-ақ бүгінде 468 кентішілік су өткізу құбыры мен 8,6 шақырым болатын каналдар мен арықтар тазартылып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ