Студенттердің шәкіртақысы артатын болды
Қазақстандық студенттердің шәкіртақы мөлшерін ұлғайтуды көздейтін Үкімет қаулысына түзетулер жобасы жария талқылауға шығарылды. Жоба «Ашық НҚА» порталына шықты.
Бұл ретте шәкіртақыны ұлғайту 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап көзделіп отыр.
Құжатқа сәйкес, студенттердің мына санаттары үшін шәкіртақы мөлшерін өзгерту жоспарланған:
- Бакалавриат – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 54 205 теңге;
- Педагогикалық мамандықтардың студенттеріне – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 86 940 теңге;
- Магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, үздік студенттерге – 123 120 теңге;
- Докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 мың теңгеге дейін.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ