присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі

16 мамыр 2024 14:39
Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі

Су басқан өңірлердегі мектеп түлектері үшін ҰБТ-ға тіркелу және емтиханды тапсыру мерзімі ұзартылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасиловтың айтуынша, оқушылар тестілеуді 12 шілдеге дейін тапсырады. Егер бұл балалардың ҰБТ нәтижелері төмен болса, онда қыста тапсырылған емтихан нәтижелерімен грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беріледі.

Су тасқыны болған 6 аймаққа министрлік тарапынан арнайы гранттар бөлінеді. Ол туралы арнайы пресс-конференция өткізіледі. Бұл мәселені қарастырып, министрлік, депутаттар тарапынан ұсыныстар болды. Су тасқыны болған өңірлерде халықпен кездесулер өтті. Оқытушылармен, оқушылармен кездесулер өткізіліп, осындай шешімдер қабылданды, – деді орталық директоры.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру