присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады

22 шілде 2024 15:39
Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгіме барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру