присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тәжікстанда терроризмге күдікті 20-ға жуық адам ұсталды

03 сәуір 2024 11:54
Тәжікстанда терроризмге күдікті 20-ға жуық адам ұсталды

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті елде Наурыз мейрамы тойланып жатқан кезде Душанбе қаласында теракт жасағысы келді деген күдікпен 20-ға жуық адамды ұстады. Бұл туралы Озоди радиосы хабарлады.

29 наурызда «Азия-Плюс» медиа тобы мен Reuters агенттігі Мәскеу облысындағы «Крокус Сити Холл» концерт орталығындағы терактіге қатысы бар деген күдікке ілінген 9 адамның ұсталғанын хабарлады. Бұл мәліметке ресми орындар түсінік беруден бас тартты.

Қолда бар мәліметке қарағанда, күдіктілер – Вахдат, Рогун мен Нүрек қалаларының тұрғындары. Олардың бәрі Наурыз мерекесі алдында ұсталған. Қамалғандар арасында жасы кәмелетке толмағандар да бар.

Теракт 24 наурызда Душанбенің халқы Наурыз мейрамын қызу тойлап жатқан кезде болуы керек еді. Күдіктілер теракт жасауға барынша дайындалан. Олар халық көп жиналатын жерді таңдап, жарылыс жасағысы келген. Бірақ Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы терактінің алдын алып, күдіктілерді ұстаған соң, Наурыз мейрамы келесі күні атап өтілген, – деп хабарлады  Озоди радиосы.

Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданың айтуынша, былтырдан бері елде 11 ұйымдасқан қылмыстық топ пен 55 адам ұсталған. Олардың көбі теракт жасауға күдікті ретінде қолға түскен.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру