присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды

10 сәуір 2024 15:24
Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың айтуынша, ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп, жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстаған.

Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар жариялаған, – деді ол.

Жедел уәкілдер ІІО есебінде тұрған күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазір күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы енді анықталады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру