Елімізде өндіріс пен қызмет саласында іскерлік белсенділік артты
Іскерлік белсенділік өндіріс пен қызмет саласында артып келеді.
Ұлттық банк 2024 жылдың қарашасындағы іскерлік белсенділік туралы ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесін жариялады.
2024 жылдың қарашасында іскерлік белсенділік біршама жақсарды. Көрсеткіш он ай бойы оң аймақта қалып, 51,6 болды, – деп қосты ведомство.
Көрсеткіш өндіріс пен көрсетілетін қызмет секторында тиісінше 53,1 және 51,5-ке дейін өсуі есебінен ұлғайды (қазанда 52,9 және 50,6). Құрылыста индекс 49,9 (қазанда – 51,8) болып, төмендеу жағына өтті, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде, керісінше, 50,3-пен (қазанда – 49,6) өсу жағына ауысты. Өндірісте жаңа тапсырыстар едәуір ұлғайса, құрылыста біршама төмендеді. Барлық секторда еңбекпен қамту деңгейі артқаны да тіркелді.
2024 жылғы қарашада бизнес-ахуал индексі (БАИ) ұлғайды. Бизнес жүргізудің ағымдағы жағдайын бағалау сияқты болашақ бизнес-жағдайларға қатысты оптимизм де жақсарды. Бизнес-циклдің «сағат» индикаторы өсуі жағында қалды.
Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметіне сұраныс артты. Қарашада сұраныстың өсу қарқыны саудадан басқа, барлық секторда күшейді. Саудада баяулағанына қарамастан, сұраныс оң қалпында қалды. Қалған факторлар (бизнесті қорғау мәселелері, салық жүктемесі және қаржыға/кредитке қолжетімділік) нашарлады. Респонденттер инфрақұрылымның өзгеруін ғана бейтарап деп бағалады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ