присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Желіде заңсыз лотерея ойнатқан блогер жауапқа тартылды

17 мамыр 2024 09:57
Желіде заңсыз лотерея ойнатқан блогер жауапқа тартылды

Instagram-да заңсыз лотерея ойнатқан павлодарлық блогер жауапқа тартылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру дерегі жиіледі. Алданған азаматтардан Туризм және спорт министрлігіне түсетін шағым көбейген.

Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тұрақты негізде интернетте мониторинг жүргізеді. Осылайша, Instagram-дағы жеке парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сондай-ақ министрлік әкімшілік құқықбұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Бұдан бөлек, 35 дерекке қатысты хаттама дайындап жатыр.

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңға сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты азаматтарға заңсыз лотереяны ұйымдастырғаны, оны әлеуметтік желілерде ойнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, - деп жазылған хабарламада.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру