присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әлеуметтік қызметкерлер енді біліктілігін растауы керек

11 қыркүйек 2024 10:56
Әлеуметтік қызметкерлер енді біліктілігін растауы керек

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың штатында кәсіптік біліктілігін растаған мамандары болуы тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы №222 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ведомство басшысы бұйрығының жобасын дайындады. Құжат 2024 жылғы 23 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты тиісті ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын жақсарту саналады. Осыған байланысты халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге лицензия беру кезінде ұйым қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаттың міндетті түрде болуы көзделеді, – деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру