6 Маусым 2025, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.19 ₸
    EUR EUR 582.79 ₸
    RUB RUB 6.46 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тоқаев Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

    12 Ақпан, 2025
    Тоқаев Тәжікстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады.

    Кездесуде президент Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың мәні зор екенін айтты. Мемлекет басшысы былтыр қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы шарт Астана мен Душанбенің сан қырлы және табысты ынтымақтастығының маңызды кезеңі болғанын еске салды.

    Біз Тәжікстанмен достыққа құрылған қатынастарды жоғары бағалаймыз. Екі елдің арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ. Қазақстан жұртшылығы бауырлас тәжік халқына ерекше ықылас танытады. Елдеріміз әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл екіжақты байланысты белсенді дамытуға ұмтылысымыздан да байқалады, – деді президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қазақ-тәжік ынтымақтастығын арттыруға қосқан теңдессіз үлесіне айрықша назар аударды.

    Сироджиддин Мухриддин тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан өзара тиімді ықпалдастық орнатқанын, ол бауырлас халықтардың мүддесі үшін достық пен одақтастық рухында ұдайы дамып келе жатқанын жеткізді.

    Тәжікстан Қазақстанмен арадағы бауырластық әрі тығыз байланысты ерекше құрмет тұтады. Сіздің ел біздің маңызды серіктесіміз. Екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша өзара түсіністік бар. Екі ел қатынастары үшін былтыр айтулы жыл болды, ықпалдастығымыз одақтастық деңгейіне көтерілді, – деді министр.

    Тәжік дипломаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа президент Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізіп, тәжік тарапының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Әңгімелесу барысында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Әсіресе, экономика, сауда, транзит, цифрландыру, білім және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты нығайту перспективасына айрықша мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сироджиддин Мухриддин өңірлік қауіпсіздік, су-энергетика саласындағы серіктестік, сонымен қатар Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз етуді көздейтін бірлескен шаралардың жай-күйін талқылады.

    Таңбалар: Қасым-Жомарт Тоқаев
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Интеллектуалдар алаңы: «Азамат» бағдарламасы көрерменмен қайта қауышады

    Келесі жазба

    Ақтөбеде алты жастағы балаға зорлық-зомбылық көрсеткен күдікті сотталды

    Ұқсас мақалалар

    Токаев прибыл в Москву на парад Победы
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

    8 Мамыр, 2025
    Мемлекет басшысы Шымкентке барды
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Шымкентке барды

    11 Сәуір, 2025
    Мемлекет басшысына жаңа курьерлік желі таныстырылды
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысына жаңа курьерлік желі таныстырылды

    10 Сәуір, 2025
    Токаев провел Совет безопасности
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

    26 Ақпан, 2025
    «Шындыққа айналды». Президент Украина туралы айтты
    Жаңалықтар

    «Шындыққа айналды». Президент Украина туралы айтты

    13 Ақпан, 2025

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?

    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды

    Құрбан айт – ұлық мереке

    Құрбан айтқа қандай мал шалынады? Нені білуіміз керек

    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?

    Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 510.19 ₸
    EUR EUR 582.79 ₸
    RUB RUB 6.46 ₸
    Информер погоды для сайта от meteolabs.kz

    © 2025 TauNews