4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды

    5 Маусым, 2025
    Шерзат Болат ісі: Судья соңғы үкімді шығарды

    Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды.

    Сот үкімімен:

    • Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл, 99-баптың 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша – 20 жыл, 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша – 15 жыл. ҚР ҚК 58-бабы (қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) негізінде – түпкілікті 23 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

    • Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі бойынша – 7 жыл, 99-баптың 2-бөлігі және 24-баптың 3-бөлігі бойынша (адам өлтіруге оқталу) – 15 жыл. Қылмыстар жиынтығы бойынша – 20 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    • Дархан Аскентай – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    • Шыңғыс Бельғожаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    • Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл, 188-бап (ұрлық) бойынша – 3 жыл. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі бойынша – 9 жыл, 2024 жылғы 17 қазандағы Талғар аудандық сотының үкімімен тағайындалған жаза ескеріліп, ҚР ҚК 58-бабы 6-бөлігі негізінде – түпкілікті 15 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    • Нұркияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл. Бұған дейін 2024 жылғы 4 сәуірде Талғар аудандық сотының шешімімен тағайындалған жаза да есепке алынып, жиынтық түрде – 9 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

    • Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды.

    • Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесіндегі кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде өтейді.

    Таңбалар: қылмыстық іс
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Құрбан айт – ұлық мереке

    Келесі жазба

    Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews