4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?

    5 Маусым, 2025
    Көшеден әскерге алып кету жиілеп кетті: бұл қаншалықты заңды?

    Фото: pixabay.com

    Соңғы күндері әскерге жарамды жігіттерді көшеден ұстап алып, әскерге алып кету тәжірибесі жиілеп кетті. Бұл қоғамда үлкен дау туғызып, адам құқығына қатысты алаңдаушылықты өршітті. Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай әрекеттерді заңсыз деп бағаласа, екінші топ оны тәртіп орнатуға бағытталған қажетті шара деп түсінді.

    Ресми мәлімдемелер не дейді?

    Мәжіліс кулуарында пікір білдірген Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев, көктемгі шақыру науқанының бірінші кезеңі сәтті аяқталғанын және қажетті әскери құрам толық қамтамасыз етілгенін айтты. Министрлік жаңа заң жобасын қарап, шақыру жүйесіне өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр.
    Жаңа механизм бойынша әскерге шақыру СМС-хабарлама арқылы жіберіледі. Егер азамат комиссариатқа өз еркімен келмесе – айыппұл төлеуі мүмкін.

    «Біз осы уақытқа дейін ешкімге айыппұл салған да, жазаға тартқан да жоқпыз. Бірақ жүйе заңмен реттелуі тиіс», – деді ол.

    Көктем мен күз: айырмашылық бар ма?

    Министрліктің ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбеков көктемгі шақыру кезінде жастарды көшеден алып кету жағдайлары тіркелгенін мойындады. Алайда ол мұны ерекше жағдай деп сипаттап, күзгі науқанда бұлай болмағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, әскери ардагерлер мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері жастарды әскерге шақыруға жұмылдырылып, алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

    Заң аясындағы шекара

    Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин қоғамда туындаған резонансты ескеріп, БАҚ-тағы кей хабарламалардың шынайылық деңгейі төмен екенін айтты. Ол бір-екі рет болған оқиғаның негізінде жалпы үрдіске баға беруге болмайтынын жеткізді.
    «Жыл сайын 40 мыңнан астам адам әскерге шақырылады. Оның ішінде бір-екі рет қана азаматтарды полиция көмегімен алып келуге мәжбүр боламыз. Бұл – құқықтық негізде жүзеге асады», – деді Жангулин.

    Қоғам не дейді?
    Желіде пікір білдірген кей азаматтар мұндай тәсілдерді «қорқыту» деп қабылдап отыр. Құқық қорғаушылардың бір бөлігі бұл — азаматтардың конституциялық құқығына қайшы келуі мүмкін екенін алға тартуда. Ал басқалар жастардың әскери қызметтен жалтаруы ел қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды.

    Әскерге шақыру – әр ел үшін маңызды мемлекеттік міндет. Дегенмен, оның іске асу тетіктері қоғамдық сенім мен құқықтық шеңбер аясында реттелуі тиіс. Күштеп, түсіндірмесіз әрекет жасау – азамат пен мемлекет арасындағы сенімді әлсіретеді. Сондықтан бұл салада ашықтық пен заң талаптарының үйлесімділігі ауадай қажет.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қызылордада мектеп оқушысының денесі табылды

    Келесі жазба

    Құрбан айтқа қандай мал шалынады? Нені білуіміз керек

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews