21 Қараша 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    20 Қараша, 2026
    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Фото: Ақорда

    «Ауылдың жағдайына жаны ашымайды»: Тоқаев жерден пайда көретін бизнесмендерге қатысты пікір білдірді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігіне назар аударды. Мемлекет басшысы ауылдың дамуына үлес қоспай, жерден тек табыс табуды көздейтін бизнесмендерге қатысты өз ұстанымын ашық жеткізді.

    Бұл туралы Президент бүгін өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты.

    Тоқаевтың сөзінше, мемлекет ауыл-аймағының өркендеуіне атсалысып, жерлестерінің жағдайын ойлайтын адал фермерлер мен іскер шаруаларды қолдауды жалғастырады. Алайда аграрлық салада қызмет етіп жүріп, ауыл өмірінен алшақ жүрген кәсіпкерлер де бар.

    Мемлекет басшысы кейбір бизнесмендердің өз шаруашылықтарына да бармайтынын, жергілікті тұрғындардың мәселесіне назар аудармайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай кәсіпкерлер үшін ауыл шаруашылығы тек пайда табудың құралына айналған.

    «Бізге жер қадірін білмейтін, халықтан алыс, ауыл шаруашылығын тек пайда табудың жолы ретінде қарастыратын адамдар қажет пе? Меніңше, жауабы анық. Қажет емес. Ендеше заң жүзінде шаралар қабылдау керек», – деді Президент.

    Сонымен қатар Тоқаев аграрлық саладағы кәсіпкерлердің міндеті тек өнім өндіріп, табыс табумен шектелмеуге тиіс екенін айтты. Олар ауылдағы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға да үлес қосуы қажет.

    Президент ауыл шаруашылығының ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар екенін де еске салды. Оның пікірінше, аграрлық сектор Қазақстанның халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе әлемдегі тұрақсыздық жағдайында бұл саланың рөлі күшейе түседі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: психологтарға 300% үстемеақы ұсынылды

    Келесі жазба

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: психологтарға 300% үстемеақы ұсынылды

    Атырауда балалар көшеден қомақты ақша тауып алды: арасында доллар да бар

    Қостанайда екі әжені алдап, 23,5 млн теңге иемденген курьер алты жылға сотталды

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸

    © 2025 TauNews