24 Қараша 2026, Сейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455.12 ₸
    EUR EUR 498.99 ₸
    RUB RUB 5.55 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Оңтүстік-Шығыс Азияда қауіпті вирус таралуда: дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

    24 Қараша, 2026
    Оңтүстік-Шығыс Азияда қауіпті вирус таралуда: дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

    Фото: istockphoto.com

    Оңтүстік-Шығыс Азияда денге безгегі өршіп тұр: қазақстандық туристерге ескерту жасалды

    Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде денге безгегінің таралуы күшейіп, дәрігерлер қазақстандық туристерді сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Әсіресе Вьетнамда инфекция жұқтырғандар санының артуы алаңдаушылық туғызып отыр.

    Телеарна мәліметінше, Вьетнамда денге безгегіне шалдыққандар саны айтарлықтай өскен. Мәселен, танымал туристік бағыттардың бірі саналатын Дананг қаласында жыл басынан бері 12 мыңнан астам адамнан инфекция анықталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен төрт есеге жуық жоғары.

    Денге безгегі Қазақстанда кең таралған аурулардың қатарына жатпайды. Алайда шетелден келген азаматтар арасында инфекция жұқтыру деректері тіркеліп тұрады. Мамандардың түсіндіруінше, вирус адамнан адамға тікелей берілмейді. Оның негізгі тасымалдаушысы – тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездесетін жұқтырған масалар.

    Осыған байланысты дәрігерлер шетелге демалуға баратын азаматтарға алдын ала сақтануға кеңес береді. Туристерге москит торы орнатылған, кондиционері бар қонақүйлерді таңдаған жөн. Сондай-ақ масаға қарсы репелленттерді пайдаланып, ашық дене бөліктерін барынша жабатын киім киген дұрыс.

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Жұмабек Нұрғаламовтың мәліметінше, Қазақстанда да денге безгегінің сырттан әкелінген жағдайлары жыл сайын кездеседі.

    Маманның айтуынша, қазіргі уақытта елде инфекция жұқтырудың 14 дерегі тіркелген. Науқастардың басым бөлігі Үндістан, Дубай, Индонезия, Вьетнам және Мальдив аралдарынан оралған.

    Ауру жұқтырғандардың шамамен 80 пайызында инфекция белгісіз өтуі мүмкін. Ал клиникалық белгілері байқалған жағдайда дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, теріде бөртпе пайда болады. Сондай-ақ жүрек айнуы, мұрыннан немесе ауыз қуысынан қан кету сияқты белгілер кездесуі мүмкін.

    Дәрігерлер сапардан кейін осындай белгілер байқалса, өздігінен емделмей, медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    ШҚО боксшылары жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында алты медаль иеленді

    Келесі жазба

    Қазақ халқының шығу тегін зерттеген тұңғыш антрополог Алматыда қайтыс болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақ халқының шығу тегін зерттеген тұңғыш антрополог Алматыда қайтыс болды

    Оңтүстік-Шығыс Азияда қауіпті вирус таралуда: дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

    ШҚО боксшылары жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында алты медаль иеленді

    Атырауда автобус оқушыны қағып, үш адам зардап шекті

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455.12 ₸
    EUR EUR 498.99 ₸
    RUB RUB 5.55 ₸

    © 2025 TauNews