Атырауда автобус оқушыны қағып, үш адам зардап шекті
Атырау қаласында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан жетінші сынып оқушысы мен автобустың екі жолаушысы жарақат алды.
Оқиға Азаттық даңғылында, «Торговая база» аялдамасының маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы автобус оқушыны қағып кеткен. Куәгерлердің сөзінше, көлік №64 бағытта қатынаған.
Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккен үш адам да медициналық көмекке жүгінген. Олардың қатарында оқушы және автобустың екі жолаушысы бар.
USD