ШҚО жас боксшылары Қазақстан чемпионатында алты медаль жеңіп алды
Астана қаласында өткен жастар арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Облыс құрамасы жарыс қорытындысы бойынша екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
15–22 қараша аралығында ұйымдастырылған ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген үздік жас боксшылар қатысты. Байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындардан көрінді.
Жарыстың алтын жүлдесін 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Арман Мырсабит пен 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жұмағали Нұрмахан иеленді. Екеуі де қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Ал 70 келіге дейінгі салмақта Алдияр Баяндинов күміс медальға қол жеткізді. Қола жүлдегерлер қатарынан Баянды Шафих (55 келіге дейін), Сұлтанәли Әділкәрімов (70 келіге дейін) және Ринат Ерболұлы (90 келіге дейін) көрінді.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысының жастар құрамасы республикалық біріншілікті алты медальмен қорытындылады. Бұл нәтиже өңірдегі жас боксшылардың дайындығы мен әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.
USD