Шымкенттегі жалпы білім беретін мектеп қызметкері арыз жазып, полиция қызметкерлері С. есімді азаматты ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұстады.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті өзінің медиа саласындағы танымалдығын пайдалана отырып, аталған мұғалім туралы жағымсыз ақпарат тарататынын айтып қорқытқан. Бұл мәліметті жарияламау үшін ол 1,2 миллион теңге талап еткен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.