Бүгін елімізде мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтіледі.
Бұл мереке – ұлт руханиятының өркендеуіне, мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне құрмет көрсету күні.
Мәдениет ордаларында қызмет етіп, халықтың рухани өміріне серпін беріп отырған барлық сала мамандарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз – ел руханиятының іргетасы, ұрпақ тәрбиесінің маңызды тетігі.
Осы ретте Мәдениет және ақпарат министрлігі кәсіби мамандарды төл мерекелерімен құттықтайды.