4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Ауыл мектебінің оқушысы әлемнің 36 университетінен шақырту алды

    21 Мамыр, 2025
    Ауыл мектебінің оқушысы әлемнің 36 университетінен шақырту алды

    Сарыағаш ауданы Қапланбек ауыл округіне қарасты Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің беделді 36 жоғары оқу орнынан шақырту алды. 

    Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған 16 жастағы Ақжүніс шетелдік үздік оқу орындарында білім алып, өз саласының кәсіби маманы болуды мақсат етеді. Жас талапкердің білімге деген құштарлығы мен табандылығы нәтижесінде АҚШ, Канада, БАӘ, Түркия және Малайзия елдерінің үздік университеттерінен грант жеңіп алды.

    Атап айтқанда, АҚШ-тың 17, БАӘ-нің 5, Түркияның 6, Малайзияның 5 университетінен толық грант жеңіп алса, Канаданың бір жоғары оқу орнынан президенттік шәкіртақымен оқуға мүмкіндік берілді.

    Ұлттық бірыңғай тестілеуден 111 балл жинаған Ақжүніс – мектеп қабырғасынан бері үздік оқушылардың қатарында. Жетістігінің артында бірнеше жылдық табандылық пен тынымсыз еңбек жатыр.

    Ауыл мектебінде білім алып жүріп-ақ әлемнің назарын өзіне аудартқан Ақжүніс Асылханқызы – аталмыш білім ордасынан алғаш рет шетелдік университеттерге жаппай шақырту алған оқушы. Оның табысы ауыл жастарына үлкен мотивация беріп отыр.

    Болашақта отандық және халықаралық қатынастар саласында білікті маман болуды армандайтын Ақжүніс шетелде білім алып, елге оралып, туған жеріне адал қызмет етуді мақсат етеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

    Келесі жазба

    «Нұрқанатты пышақтадым»: Абзал Шынасыл сотта алдыңғы жауабынан бас тартты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews