5 Қыркүйек 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    500 мың теңге пара берген шенеунік 15 млн айыппұл төлейтін болды

    21 Мамыр, 2025
    500 мың теңге пара берген шенеунік 15 млн айыппұл төлейтін болды

    Жетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы сотталды.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

    Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбековке және «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаевқа қатысты үкім шығарды. Лауазымды тұлға пара алғаны үшін, ал квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы – 2025 жылға арналған өңір халқы үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінің көрінеу жоғары құнын бекіткені үшін 500 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды, – делінген Антикор мәлімдемесінде.

    Сағымбеков пен Күзембаевқа тиісінше 15 млн теңге және 10 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.

    Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Таңбалар: қылмыстық іс
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді

    Келесі жазба

    Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews